Jurabek Laboratories компаниясы Ресейдің Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының сапа тексеруінен өтті. Зертхана келесі аптадан бастап «Спутника V» вакцинасын шығара бастайды.
Бұл туралы ресейлік ақпарат құралдарына компания директоры Фаррух Лутфуллаев хабарлады.
Оның айтуынша, компания Ресейден вакцинаның сапасы туралы оң жауап алған, жақын күндері Ресейден шикізат әкелінеді, келесі аптада өндіріс басталады.
Бұған дейін хабарланғандай, биыл мамыр айында Ташкент пен Мәскеу «Спутник V» вакцинасын Өзбекстанда шығаруға келіскен.
Өзбекстанда халыққа вакцина салу науқаны 1 сәуірде басталды.