Өзбекстанда суға кеткен сарбаздың әкесі баласын әскерде өлтіріп, денесін суға лақтырған дейді

Асадбек Файзуллаев был призван на годичную службу в армию в марте 2021 года.

Өзбек-ауған шекарасындағы әскери қызмет кезінде қайтыс болған сарбаз Асадбек Файзуллаев ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етті.

Биыл 26 шілдеде Сұрқандария облысы Термез қаласындағы №9221 әскери бөлімінде қызмет атқарған 20 жастағы Асадбек Файзуллаевтың денесі «Амузанг» каналынан табылды.

Өзбекстан әскери прокуратурасының мәліметінше, қатартағы сарбаз Файзуллаев каналдағы суға батып кеткен. Алайда марқұмның әкесі Анвар Шодиев ұлын өлтіріп, денесін каналға лақтырып жіберген деп отыр.

Жизақ қаласындағы «Маданият» махалласында тұратын Анвар Шодиев ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етті.

– Баламның денесін көріп, жарақат іздерін байқадым. Суға кеткен адамда ондай іздер болмайды. Ұлымды өлгенше сабап, сосын оның денесін суға лақтырып жіберген. Оның жағы сынған, оң жағы ішке кіріп кеткен. Сол жақ қатырғалары сынған, оң қолының үш саусағы сынған. Сол қолының білегі екіге бөлініп қалған. Аяғында көгерген іздер қалған. Оның аузын тексере алмадық. Ашқан уақытта тоқтаусыз қан ағып жатты. Суға батқан адамда осындай жарақат болушы ма еді? Біз ол каналды барып көрдік. Түбі бетондалмаған. Қамыс көп. Бірақ баламның денесінде сырылған іздер жоқ, – деді Анвар Шодиев.

Марқұмның әкесі түрлі органдарға шағымданған, бірақ ешкім қылмыстық іс қозғамаған.

Тергеуге дейінгі тексеру нәтижесіне сәйкес, Асадбек Файзуллаев 26 шілдеде «Амузанг» каналына батып кеткен, оның денесі екі күннен соң, 28 шілдеде табылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий