Өзбекстанда контейнерлерден шағын «сұлулық салондары» әзірленіп, аймақтарға жіберіліп жатыр.
Жергілікті басылымдардың мәліметіне қарағанда, жақын күндері 50 контейнер өлкенің алыс аймақтарына жеткізіледі.
Барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген әрбір салонда кәсіби дайындықтан өткен жеті әйел жұмыс істей алады.
Бұл жоба Өзбекстанның Кәсіподақ федерациясы тарабынан жүзеге асырылып жатыр.
Осыған дейін Бұхара облыстық әкімдігі «Әйелдер дәптеріндегі» тұрмысы төмен отбасылар үшін 1000 бизнес-контейнер дайындап, оларды жеңілдетілген несиемен беретінін хабарлаған.
«Әйел дәптері» — бұл әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және психологиялық қолдауға, сонымен бірге білім алуға және кәсіби дайындықтан өтуге мұқтаж жұмыссыз әйелдерді анықтауға және олардың мәселесін шешуге бағытталған мәліметтер базасы.