Өзбекстанда тағы блэкаут болуы мүмкін екенін алдын ала ескертті

9 қарашадан бері Өзбекстанда эдектр станцияларын отынмен қамтамасыз ету ісі қиындаған.

Энергетика министрлігіне қарасты Ұлттық диспетчер орталығы Мұзаффар Бобоев аймақтардағы электр желілері кәсіпорындарының басшылығына, «Аймақтық электр желілері» компаниясына, Энергетика министрлігі мен Өзбекстан энергия инспекциясына осындай хат жолдаған.

Мәліметке қарағанда, 12 қарашада жылу электр станцияларына белгілінген тарифтен 350 мың текшеметрден аз газ жеткізілген. Атап айтқанда, Ташкент жылу электр станциясына бар болғаны 50 мың текшеметр газ берілген. Бұл — сұраныстан 270 мың текшеметр газға аз. Соның салдарынан станциялар өндіретін электр қуаты 500 МВт-қа (жоспардағыдан 600 МВт-қа аз) азайған.

Соған байланысты Ұлттық диспетчер орталығы жоғары вольтты желілерді кезек-кезек өшіріп отырған. Соның есесінен электр қуатын тұтыну үнемделген.

Биыл 25 қаңтарда Өзбекстанның, Қырғызстан мен Қазақстанның бірнеше аймағы жарықсыз қалып, жаппай блэкаут орын алды. Наурызда мемлекетаралық комиссия бұған Өзбекстан энергия жүйесіндегі ақау себеп болғанын анықтады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий