Ферғана облысы Ташлақ ауданында құмар ойыннан 45 миллион сум ($4 мың) ұтылған учаскелік инспектор басынан тапаншамен атқан.
«Қызметкер тамыз айында «1xbet» тотализаторынан 45 миллион сум ұтылғаны мәлім болды. Қарыз мәселесі шешілді, ал өзі тәртібіне байланысты жазаланып, облыстық ішкі істер басқармасы жанындағы тәртіп кеңесінің бақылауында болды», — деп хабарлады Ферғана облысының милициясы.
Аға лейтенант А.У. 6 желтоқсанда «Спарк» автокөлігінде табылды. Ол өзін Макаров тапаншасымен жаралағаны анықталды. Инспекторды тез арада ауруханаға жеткізді.
Бұған дейін хабарланғандай, Хорезм облысына қарасты Янгарык ауданы ішкі істер бөлімінің бір қызметкері 26 қарашада милиция ғимаратында өзін атып өлтірген. Алдын ала мәліметке қарағанда, милиция қызметкері отбасындағы жанжалдан соң осындай қадамға барған.