Өзбекстанда Венераның суретін көрсеткені үшін жазаланған балалар телеарнасы «цензор» қызметін енгізді

Өзбекстандағы балалар мен жасөспірімдердің «Аклвой» телеарнасы осы аптада жаңа қызметкер алатынын жариялады. Қызметкер «материалдардан өзбек менталитеті мен рухына қайшы суреттер мен көріністерді іздеумен» шұғылданады.

Телеарнаның бір қызметкері осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, мұндай қызмет «Sevimli» және «Zu’r TV» телеарналарында бар.

«Біз қосымша тағы бір қызметкер жалдадық. Ол біздің рухымызға сәйкес келмейтін көріністерді қиып тастаумен айналысады», — дейді телеарна қызметкері.

Бұның алдында «Аклвой» телеарнасының бір қызметкері «ұят көріністер көрсеткені үшін» жазаланған.

Осы телеарнада көрсетілген «Шахерезада» және «Арт — Одиссея» мультсериалдары әлеуметтік желі қолданушылардың сынына ұшыраған.

«Арт – Одиссея» мультфильмінде Қайта өркендеу дәуірінің суретшісі Сандро Ботичеллидің (1445-1510) «Венераның дүниеге келуі» туындысы көрсетілген. Өзбек көрермендерінің сынына ұшыраған «Арт-Одиссея» мультфильмі бұған дейін әлемнің ондаған елінің балалар арналарында көрсетілген.

Бұған қоса, Өзбекстандағы көрермендердің бірқатар Алладин мен ханшайымның сүйісуін көрсетуге қарсы шыққан. Бұл мультфильмді де «Аклвой» телеарнасы көрсеткен.

Қоғам сынынан соң, телеарна басшылығы «ұят көріністер үшін» бір қызметкерді жазалағанын хабарлады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий