Өзбекстанда заңсыз жер алуға әрекеттенген Ресей азаматы ұсталды

Ферғана облысы аймағынан бағбаншылық үшін 140 мың долларға 14 гектар жерді заңсыз сатып алуға әрекет еткен Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы Өзбекстанның ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, орыс азаматы Ферғана облысының 26 жастағы тұрғыны жазған арызы негізінде ұсталған.

Ресейдің Қырғызстанда 1985 жылы туған азаматы тиісті құжаттарсыз Кучкорчи ауылынан жер сатып алуға әрекет еткен. Ол жер жергілікті фермерлік шаруаға ұзақ мерзімге жалға берілгені хабарланды.

Күдікті аванс ретінде 15 мың АҚШ долларын беріп жатқанда ұсталған.

Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий