Қашқадария облысы Шыршық ауданына қарасты Айрат ауылының тұрғындары 7 маусымда таңертең темір жол маңына жиналды.
Жергілікті басылымдардың бірінің хабарлауынша, тұрғындар аудан басшысы Хуррам Жураевтан электр қуатын беруді талап еткен.
Наразы халық аудан басшысының Айрат ауылына келуін дүйсенбі күні таңертең күткен. Аудан басшысы келмеген соң олар темір жол маңына жиналған.
Сағат 10:48-де осы жолмен Ташкент-Карши бағытында қатынайтын жүрдек пойыз өтуі тиіс еді. Пойыздың келуіне 28 минут қалғанда Шыршық басшысы келіп, ауыл тұрғындарын станция маңынан алып кетті. Жүрдек пойыз станцияға кешікпей келіп, ешқандай кедергісіз жүріп кетті.
Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда биыл бірнеше ауылдың тұрғыны электр қуатын талап етіп, бірнеше мәрте жолды жапқан. Сәуір айында осындай оқиға Самарқанд облысының Пахтачи ауданында болған. Сол кезде наразылыққа шыққан бес тұрғынды милицияға алып барған.