Өзбекстанда үкіметтің 29 қарашадағы қаулысымен жасанды интеллект технологияларын қолданудың арнайы жүйесін құру және оны іске енгізу тәртібі туралы жоба бекітілді. Бұл туралы «Құқықтық ақпарат» Telegram-каналы хабарлады.
Жобаға сәйкес, арнайы жүйе IT-парктың бір бөлігі болып саналады. Ондай арнайы заңдық жеңілдіктер құрылып, заңдық және ғылыми ұйымдар тарабынан сыналып, жүзеге асырылады.
Арнайы жүйеге қатысуды қалағандар IT-парктың веб-платформасы арқылы өтініш беруі тиіс. Өтініш бес күн ішінде қаралады.
Арнайы жүйеге қатысушыларды оқыту және қызметкерлерді қайта дайындықтан өткізу шығыны мемлекет есебінен жұмсалады.