Өзбекстанда жемқорлық айыбымен ұсталған шенеуніктен 1 млн доллар мен Мальдивке билет табылды

Өзбекстан құқық қорғау органдарындағы дереккөздер мәліметі бойынша, Ташкент қаласы Юнусабад ауданы басшысының орынбасары Э.З. жемқорлық айыбымен ұсталды.

Шенеунікті 13 қазанда кабинетінен кісендеп алып кеткен. Қазір ол арнайы қызметтің тергеу абақтысында отыр.

Ұсталған шенеуніктің орнына Шерали Усманов тағайындалды.

Астана әкімшілігіндегі дереккөз мәліметі бойынша, «Э.З. 5 мың доллар пара алу кезінде ұсталған. Оның үйін тінту барысында 1 миллион доллар мен Мальдив аралдарына екі билет табылған.

ІІМ мен Бас прокуратура шенеуніктің ұсталуына қатысты мәлімет таратпады.

Еске салайық, 2018 жылы қыркүйекте Юнусабад ауданының басшысы Бахтиёр Абдусаматов 400 мың доллар пара алып жатқанда ұсталған. Шенеунік бес жылға сотталды.

https://www.centralasian.org/a/30231854.html

Комментарий (0)
Добавить комментарий