Өзбекстанда жетім балаларға баспана беру тәртібі бекітілді

Өзбекстан үкіметі 25 қазанда жетімдер мен ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға баспана беру тәртібін бекітті.

Құжатқа сәйкес, жетімдерге баспананы аймақ әкімшіліктері жылжымайтын мүлік нарығындағы көп пәтерлі үйлерден алып береді.

Оқу-тәрбие мекемелелері мен хокимияттар балаларды кәмелет жасқа толардан бір жыл бұрын баспана кезегіне қояды.

18 жасқа толғандарға бір бөлмелі пәтер беріледі. Ал үйленген жетім балаларға екі бөлмелі пәтер бөлінеді.

Олар пәтерлерді 30 жасқа толғанша сата алмайды. Әкімдіктер бұл пәтерлерде тұрмысқа қажетті жағдай жасауы тиіс.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий