Өзбекстандықтар Ресейде тіркеусіз 15 тәулік жүре алатын болды

Өзбекстан азаматтарына Ресей аумағында тіркеусіз 15 күн жүруге рұқсат беріледі. Осылай деп Ресейдің ішкі істер министрлігі әзірлеген «Өзбекстан мен Ресей арасындағы келісімдерді ратификациялау туралы» заң жобасында жазылған.

Қазір Ресей аумағында Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан және Армения азаматтары 15 тәулік тіркеусіз жүре алады.

«Ресейліктердің Өзбекстан және өзбександықтардың Ресейде жүріп-тұруы туралы» екі елдің үкіметі арасындағы келісімге 21 мамырда Мәскеуде, 17 маусымда Ташкентте қол қойылған.

Осыған дейін Мәскеу Ресейге кіруге тыйым салынған 158 мың өзбекстандыққа «миграциялық рақымшылық» жарияланғанын хабарлаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий