Өзбекстаннан Қырғызстанға құпия үңгір қазып, тауар тасығандар сотталды

Өзбекстанның Ферғана облысы Риштан ауданынан Қырғызстанға жерасты жолын қазып, сол арқылы заңсыз жүк тасыды деп айыпталған алты адамның үшеуі 6 жылдан 7 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айрылды.

Қалған үшеуінің еркіндігі шектелді. Бұл туралы ӨзА хабарлады.

Бұған дейін мәлім болғандай, 2022 жылғы 23 маусымда Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Риштан ауданында Т. М. есімді азаматтың үйінен жасырын жерасты жолын тапқан. Қолдан қазылған шамамен 130 метрлік үңгір Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданына тартылғаны анықталған. Оның ішіне бақылау камералары орнатылған, еденіне бетон төселген, кіреберіске лифт қойылған.

Былтыр Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында дәл осыған ұқсас тағы төрт жерасты жолы табылған.

Ресми мәліметке қарағанда, заңсыз тауар тасумен шұғылданған топтың сегіз мүшесінің алтауы — Қырғызстан азаматы. Олар Өзбекстаннан Қырғызстанға 1 млн доллардан астам қолмақол ақша тасып жүрген уақытта ұсталды.

Қырғызстан билігі Өзбекстанда сотталған азаматтары туралы әзірге мәлімет таратқан жоқ.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий