Өзбекстанда азаматтарды ұйымдастырып Ресейге жұмысқа жіберу 5,6 есеге азайды. Бұл туралы жергілікті басылымдар Өзбекстанның сыртқы миграция агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, мекеме 2022 жылдың алғашқы жарты жылдығында 7101 адамды шетелге жұмысқа жіберген. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда төрт есеге аз.
2021 жылы сыртқы миграция агенттігі арқылы шетелге 108,5 мың адам жұмысқа тұрса, олардың 28,8 мыңы қаңтар -маусым айлары аралығында кеткен.
Өзбекстан азаматтары жұмысқа кетіп жатқан елдердің ішінде Ресей алдыңғы орында тұр. Бірақ биыл олардың саны 22 мың 092-ден 3906-ға дейін, яғни 5,6 есеге азайған.
Биыл өзбекстандықтарды ресми агенттік бойынша Қазақстанға жөнелту тоқтап қалса, Оңтүстік Кореяға барып жатқандар саны 826-дан 2687-ге көбейген.