Өзбекстанның бас прокуратурасы 39 жастағы келіншектің зорланғанын растады

Иллюстративное фото.

Өзбекстанның бас прокуратурасы Ташкент облысы Бостандық ауданы тұрғынының зорланғаны туралы ақпаратты растады.

Мекеменің баспасөз хатшысы Хает Шамсутдиновтің айтуынша, оқиға былтыр желтоқсан айында болған.

Осының алдында блогер Акида Ханум Facebook парақшасына 39 жастағы екі баланың анасын төрт көршісі зорлағаны туралы ақпарат жазған. Әйелдің күйеуі жұмыс істеуге Ресейге кеткен екен.

Шамсутдиновтің мәлімдеуінше, күдіктілерге қарсы қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий