Өзбекстанның Киевтегі елшілігі өзбек азаматтарын дипмиссиямен байланыста болуға шақырды

Өзбекстанның Киевтегі елшілігі Телеграм-каналы арқылы мәлімдеме жасап, азаматтарды «расталмаған, жалған мәліметтер таратпауға және дүрбелеңге түспеуге» шақырды.

Елшілік Украинаның мемлекеттік органдарымен байланыста екенін, өзбек азаматтарына мәселе туындаса, бірден дипломатиялық өкілдікке электрондық пошта немесе телефон арқылы хабарласуды сұрады.

Елшілік мәліметіне қарағанда, «Өзбекстан әуе жолдары» әуе компаниясының ұшақтары Киевке тұрақты рейс ұшырып отыр. Азаматтар осы ұшақ арқылы елге қайтуға болады. Бұдан бөлек Киев-Ташкент бағыты бойынша әуе рейстері 16-20 ақпан күндері орындалады.

Осыған дейін әлемнің 30-дан астам елі азаматтарын Украинадан шығып кетуге үндеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий