Өзбектің Сох эксклавындағы тұрғындар Рамазан айында биліктің мешітті тексергеніне наразы

Иллюстративное фото.

Ферғана облысының Сох ауданында тарауық-намаз уақытында бір топ шенеунік пен милиция қызметкерлері «Хазрати Әли» мешітіндегі балаларды қуып шықты.

Сох ауданының бір тұрғынның айтуынша, мешіт имамы шенеуніктер мен милиция қызметкерлерін тоқтатудың орнына, солармен бірге мешітті балалардан тазартуға көмектескен.

«Хазрати Әли» махалласының төрағасы Субхонәли Нишанов тұрғындардың уәжін жоққа шығарып отыр.

Алайда Сох ауданындағы мектептердің бірінің директоры «Озодлик» тілшісіне мешіттегі рейд оқушылардың тарауық-намазға баруын тоқтату мақсатында жасалғанын, өйткені олар түнгі намаздан соң сабаққа келмейтінін айтқан.

Биыл 10 сәуірде Ферғана облысы Сох ауданындағы «Хазрати Әли» мешітіне жасалған рейдке махалла төрағасы Субхонәли Нишанов, №5 мектептің директоры Бахтияр Полвонов және аудандық милицияның инстекторлары қатысқан. Олар тауариқ-намазға жиналған балаларды мешіттен қуып шыққан. Бұл туралы «Озодликке» оқиға куәгерлерінің бірі хабарлады.

– Олардың бәрі мешітке баса-көктеп кіріп келіп, намазды үзіп жіберді. Сөйтіп мешіттегі балаларды айқаймен қуып шықты. Өкінішке қарай, мешім имамы оларды тоқтатпады, қайта соларға болысты. Махалла тұрғындары мен мешітке келушілер алаңдап қалды, – дейді Сох тұрғыны.

«Хазрати Әли» махалласының төрағасы Субхонәли Нишанов осындай ұсыныс тастағанын былай түсіндірді:

– Махаллаға төрағалық етіп жүргеніме бес жыл болды. Жылда бірнеше жас біздің ауылдан Сирияға, Түркияға кетеді, содан қайтып оралмайды. Олардың әйелдері мен аналары маған жылап келеді. Төртінші сыныпта оқитын баланың әкесі түрмеде отыр. Үйіне барсаң шешесі баласының мешіттен түн жарымында келетінін, сабақ оқымай ұйықтап қалатынын айтады. Содан баланың үлгерімі төмендейді. Сол себепті мен оқушы балаларды тарауық-намазға жібермеу туралы ұсыныс түсірдім, – дейді махалла төрағасы.

№5 орта мектептің директоры Бахтияр Полвонов мешітті тексеруге барғанын растады. Алайда ол намазды бөліп жіберді деген уәжбен келіспейтінін айтты.

– Біз мешітке кірмедік, есік алдында тұрдық. Мы не заходили в мечеть, а стояли у дверей. 1-5 сынып оқушыларын үйге қайтарғанымыз рас. Олар 23:30-ға дейін мешітте жүреді, үйге жетем дегенше түн ауады. Содан сабақтан кешігеді, тіпті келмей қояды. Сол себепті біз имамнан балаларды намаздан ертерек босатуын сұрадық. Өйткені балалар әуелі білім алуы керек, – деп есептейді мектеп директоры.

Ферғана облысы Сох ауданындағы үш махалла «діни насихаты» жоғары қызыл аймаққа кіреді. «Хазрати Әли» ауылы да осындай аймаққа жатады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий