кадр из видео
Бұл картина Испанияның солтүстігінде орналасқан Бильбао өнеркәсіптік порт қаласы тұрғындарының зәре-құтын қашырды
Нервьон өзеніндегі біртүрлі арт-объект испаниялықтарды шошытты.
Мүсін он жасар қыздың 11 есе ұлғайтылған басы түрінде жасалған. Ол судың көтерілуі мен қайтуы кезінде өзен бетіне шығып, қайта батады.
Анықталғандай, бұл ерекше мүсінді мексикалық суретші Рубен Орозко жасапты. Ол оны Нервьон өзеніне өңірді дамытумен айналысатын ВВК қорының өтінішімен орнатқан.
Арт-объект шыны талшық пен шайырдан дайындалған, салмағы – 120 келіге жуық.
Суға батып бара жатқан қыздың мүсіні Bihar деп аталады, яғни «Ертең» деген мағынаны береді.
Мұндай ерекше арт-объектіні орнатудағы мақсат – климаттың өзгеруіне адамдардың назарын аудару және болашақ олардың шешіміне байланысты екенін еске салу.