1 мамырда Еуропа қалаларында жаппай акция өтті

1 мамырда Еуропаның көптеген қалаларында демонстрациялар мен акциялар өтті. Олар биліктен еңбек шарттарын жақсартуды және әлеуметтік жүйені реформалауды талап етті.

Ең көп адам қатысқан акциялар Франция қалаларында өтті. Француздар осыған дейін де үкіметтің зейнетақы реформасына (зейнетке шығуды 62 жастан 64 жасқа көтерген) қарсылық білдірген. Парижде демонстрацияға 550 мың адам шыққаны хабарланды. Жергілікті полиция олардың саны 230 мың болғанын хабарлады. Демонстранттар дүкендердің терезелерін шағып, полицияға тас лақтырған. Полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған. Ондаған адам ұсталған.

1 мамырда Германияның Берлин қаласында да мыңдаған адам акцияға шықты. Неміс үкіметін әдеуметтік саясатты дамытуға шақырған демонстранттар арасында Палестина тәуелсіздігін қолдаушылар да болды.

Швейцарияның Базель және Цюрих қалаларында акцияға 10 мыңға жуық адам қатысты. Олар зейнетақыны және айлықты көтеруді талап етті.

Испанияда митингке қатысушылар инфляция күшейгенін айтып, айлықты көтеруді талап етті.

1 мамырда жаппай акциялар Италия, Грекия, Түркия және Еуропаның басқа қалаларында да өтті.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий