100-ге келген әжей туған күн кешін «биімен жандырды»

Instagram желісінде 100-ге келген кейуананың туған күн кешіндегі биінен видео жарияланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ria.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеоны тамашалаған жұрт оған зор денсаулық тілеп, мақтауларын жаудыруда.

«Мен оны танымасам да, жақсы көремін», «Ол әлі ұзақ өмір сүреді деген үміттемін», «Жарайсыз», — деп жазған пікір қалдырушылар.

«Мен өзімнің үлкен әжемді жақсы көремін. Өмірге деген құштарлығыммен және ұрттап қойғанды ұнатуыммен кімге тартып кеткенімді жақсы білемін», — дейді видеоны жүктеуші.

Кейуана Bruno Mars-тың әніне билеп беріп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген.

2015 жылы да дәл осындай видео жұрт назарына іліккен еді. Онда 97 жастағы кейуана сегіз жастағы шөбересімен билеген.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий