100 жастағы қызылордалық әжейге жаңадан тіс шығып, күн сайын жасарып бара жатыр (фото)

Скриншот Қазақстан-Қызылорда арнасы

Қызылорда облысы, Айнакөл ауылында тұратын 100 жастағы Раушан Ағыбаеваның шашы қарайып, кезінде түгел түсіп қалған тістерінің орнына жаңасы шыға бастапты деп хабарлайды Қазақстан-Қызылорда арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әжесінің самайындағы қара шашты бірінші болып кішкентай немелері байқап қалған екен. Ал әжейдің балалары болса бұл құбылысқа таңғалып отыр.

Скриншот Қазақстан арнасы

» 100-ден асқан адамның тісі шығып, шашы қараяды екен. Өткен жылдың қараша-желтоқсан айында аузым ауырады деп айта берді. Аузын жаймен ашып көргенімізде төменгі жағынан тіс шығыпты», — дейді ғасыр жасаған әжейдің ұлы.

Кейуана 17 құрсақ көтеріп, оның тоғызын аман-есен жеткізген. Әжейдің бүгінде 31 немересі, 38 шөбересі мен 11 шөпшегі бар.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий