Елбасының атын тарихта қалдыру туралы депутаттар не деді? (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланған парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар елбасының атын тарихта қалдыру жайын қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

Дархан Қалетаев бастаған халық қалаулылары Астанаға Назарбаевтың есімін беруді ұсынса, енді бірі конституцияда тұңғыш президенттің ерен еңбегін, тәуелсіз ұлттың қалыптасуына жасаған толағай табыстарын ерекшелеп атап өту керек екенін айтты.

Әсіресе, мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова аталмыш мәселеге аса назар ауарып, өз сөзінде тоқталып өтті.

«Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жиында әріптестерім елбасының есімін Ата заңымызда айқындап, тарихта қалдыру, Астанаға Назарбаевтың атын беру секілді ұсыныстарды жаппай қолдады», — деді ол.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий