17 ауған әскері Тәжікстан аумағына қашып өтті

27 маусымда кешкісін Ауғанстандағы Балх провинциясының Шахритус ауданындағы тәлібтермен күрестен артқа шегінген 17 ауған шекарашысы қаруларымен Тәжікстан аумағына қашып өтті.

Бұл туралы Озоди радиосы Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

«Гуманитарлық және көршілер арасындағы келісім негізінде тәжік шекарашылары қашқан жауынгерлерді аумағына өткізді», — деп айтылады мекеме мәліметінде.

22 маусымда Ауғанстанның Шерхан-Бандар шекара бекетін тәлібтер басып алғаннан кейін 134 ауған әскері артқа шегініп, Тәжікстан аумағынан баспана сұрап кірген. Қазір олардың қайда тұрып жатқаны белгісіз.

Өзбекстан болса Ауғанстанмен шектесетін Термез аймағынан қашып келген ауған әскерлерін кері қайтарған.

БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Дебора Лайонс 22 маусымда тәлібтер өлкенің 370 ауданының 50-ден астамын басып алғанын жариялаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий