1989 жылдан бері Өзбекстаннан бір миллионға жуық орыс кеткен

Өзбекстанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша 32 жылдың ішінде, яғни 1989-2021 жылдар аралығында өлкеден 1 миллионға жуық орыс азаматтары кеткен.

Олардың саны 2021 жылға қарай 720,3 мыңды құрады. 1989 жылы Өзбекстандағы орыстар саны 1 млн 653 мың болған.

Өзбекстанда қазір халық саны — 34,6 миллион. (1989 жылы 19,81 млн болған. Ондағы ең ірі этникалық топтар – өзбектер, тәжіктер, қазақтар, қарақалпақтар, орыстар және қырғыздар.

Өзбекстанда тұратын этникалық тәжіктер 32 жылда екі есеге өскен. 1989 жылы 933 мың 560 болса, 2021 жылға қарай 1,7 миллионнан асқан.

Онда халық санының өсуі бойынша қырғыздар екінші орында тұр. 1989 жылы 174,9 мың қырғыз болса, 2021 жылға қарай 291,6 мыңға жеткен.

Өзбекстанда тұратын қазақтардың саны өзгеріссіз қалған. 1989 жылы 821,2 мың болса, қазір 808,2 мың қазақ тұрады.

Өзбекстанда халық санағы 2023 жылы өтеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий