2 жасар балаға таласқан әйелдердің ісін сот нақты шеше алмай жүр

Скриншот: 31 арна

Алматы қалалық соты қамқорлығына алған баласы үшін күресіп жатқан Гүлжан Қилыбаеваның ісіне қатысты шешім шығарды. Аппеляциялық сот алқасы 2 жастағы Жеңістің ісін алғашқы сот инстанциясына қайта жіберіп, бұдан бұрын Жасөспірімдер сотында шыққан үкімнің күшін жойды.

Қилыбаеваның айтуынша, осыған дейін Ювеналды сот Жеңістің биологиялық анасының талабын қанағаттандырып, күйеуі екеуінен қамқоршы мәртебесін алып тастаған болатын. Баланы туған анасына бермей жүргендігі үшін, отбасы мойнына сот орындаушылар 2,5 миллион теңге айыппұл да салған еді.

Алайда, Алматы қалалық соты істе ескерілмей кеткен мәселелердің барын негізге ала отырып, оны кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын сотқа қайта жөнелтті. Ал Жеңіс іс аяқталғанша қамқоршы ата-анасының жанында болады деп шешілді.

31 канал

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий