2022 жылы «Құмтөрде» 17,3 тонна алтын өндірілді

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Құмтөр Голд Компани» басшысы Алмаз Барықтабасов мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен кездескен уақытта былтыр қанша алтын өндірілгенін айтқан.

Мәліметтерге қарағанда, 2022 жылы компания 32,1 млрд сом салық пен міндетті төлемдер төлеген.

2022 жылғы мамырда «Ұлы көшпелілер мұрасы» ұлттық холдингінің басшысы Теңіз Бөлтүрүк 2022 жылы Құмтөрден 17,5 млн тонна алтын өндіріледі деп мәлімдеген. 2021 жылы мұнда 14 тонна 561 кг алтын алынған.

2021 жылы Қырғызстан үкіметі Құмтөр кенішін қайтарып алды. Бұған Centerra Gold Inc компаниясымен арадағы келіспеушілік себеп болды. 2022 жылғы сәуірде Қырғызстан мен «Центерра Голд» дауды бейбіт реттеуге келісті. Келісімге сәйкес, Қырғызстан «Центерра Голдқа» акцияларының 26 пайызын беріп, экология мен экономикаға қатысты талаптарынан бас тартты. «Құмтөр Голд Компани» компаниясы жүз пайыз Қырғызстанға өтті.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий