29 жастағы жігіттің 46 жастағы көңілдесін Ләйлә Сұлтанқызы эфирден қуып шықты

Көрнекі фото: Woman.ru

«Қазақстан» ұлттық арнасының «Әйел бақыты» бағдарламасына 29 жастағы жігітке көңілдес болған 46 жастағы әйел келіп, оны Ләйлә Сұлтанқызы эфирден шығарып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағдарлама тақырыбы жасы келген көңілдестер туралы болды. Бағдарлама барысында ол жасы кіші жігітті қалай айналдырып алғанын айтып берді.

«Интернетте жас жігіт «Анар қандай әдемісің», — деп жазып, Skype арқылы сөйлесуге ұсыныс тастады. Ол Астанада тұрады екен, мен Жамбылда тұрамын. Бір кезде ол маған кеудеңді көрсетші деді. Мен көрсеттім», — деп әңгімесін бастаған Анар бұдан ары жас жігітпен ара қатынасы туралы егжей-тегжейлі баяндай бастады.

Оның айтуынша, 29 жастағы жігіттің жас келіншегі, балалары болған екен. Бірақ ол әйелімен біраз уақыт бірге тұрған соң, одан жалыға бастаған дейді 46 жастағы әйел.

Сезім жоқ деп жар салып отырған әйел жас жігіттің басын қалай айландырып алғанын айтып берді.

«Ол әйелімен бірге тұрып, жалығып кеткен. Ал мен оны сен жақсысың деп алдап-сулап, дұрыстап әңгімелесемін. Тіпті үйіне барып, тікелей барып кездесетінмін», — деді ол.

Оның ерсі әңгімесін ары қарай ести алмаған бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы эфирден шығарып салды.

Дегенмен, студиядағы сексолог мамандар бұл әйелдің мұндай ерсі әрекетке баруға оны астеникалық невроз немесе сексуалды дисфункция деп аталатын ауытқушылық әсер еткен деген болжам айтты.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий