30 жыл ішінде Душанбеден Ташкентке бірінші рет пойыз жүрді

Ташкенттегі Орталық темір жол вокзалына соңғы 30 жыл ішінде Душанбеден бірінші рет пойыз келді деп хабарлайды «Узбекистон темир йуллари» компаниясы.

Биыл 2 маусымда Тәжікстан президенті Өзбекстанға ресми сапармен барған. Сапар барысында тәжік президенті Эмомали Рахмон мен өзбек басшысы Шавкат Мирзияев екі ел арасында темір жол байланысын қалпына келтіру жөнінде келісімге келген.

«Душанбе-Ташкент» бағытындағы пойыз бұдан былай аптасына бір рет жүреді. Жолаушылар Душанбеден Ташкентке дейін 21 сағатта жетеді.

1992 жылы Тәжікстанда азаматтық соғыс басталғаннан кейін, Өзбекстан біржақты пойыз қатынасын тоқтатқан. Содан бері екі ел арасында пойыз жүрмей қалған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий