Көрнекі сурет. Фото: әлеуметтік желі
Арамызда тырнағын тістеуді әдетке айналдырған адамдар жоқ емес. Тырнағын тістемесе тұра алмайтын жандардың медицина да өз атауы бар.
Дәрігерлер тырнақ тістеумен әуестенетіндерге онихофагия деп ат берген. Ал британдық Джон Гарднер тырнағын тістей бергені үшін өмірмен қош айтысты.
Джон бала кезінен диабетпен ауырып, жүрек ауруларына да шалдыққан. Жиі күйзеліске түсетін ол сондай сәттерде тырнағын тістеп қана жанына жұбаныш табады екен.
Джон Гарднер
Тіпті, тырнағын тістелеп тастаған ол қансыраған қолын дәрігерге көрсетіп, аман қалып жүрген. Бірақ сонда да өзіне тоқтау сала алмаған Джонның қолдары кейін ештеңені сезбейтін болып қалды.
Жарасы жазылмаса да тырнағын тістелей берген Джон Гарднер ақыры ауруын асқындырып, шоктан қайтыс болды.
Бұл оқиға тырнағын тістеуді әдет қылғандарға өмірлік сабақ болары сөзсіз.