630 доллар үшін текиланы тоқтамастан ішкен жас жігіт тіл тартпай кетті (видео)

Ішімдік ішкен азамат. Фото: Twitter/@PaolaG_B

23 жастағы Келвин Рафаэль 630 долларға бір шөлмек текиланы ішіп тасауға бәстесіп, ажал құшты. Бұл туралы NUR.KZ порталы breitbart.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Доминикан республикасының Ла-Романа қаласында болған оқыс жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Жастар тоқтамастан текила ішу бойынша жарысқа түскен. Жарыста бірінші болғысы келген Келвин өз шамасынан тыс ішімдік ішіп қояды. Ақыры ішімдікті көтере алмаған азамат айналдырған бір минуттің ішінде жан тәсілім еткен. Оны құтқару мүмкін болмады.

Клуб басшылығы мұндай жарыс өтіп жатқанынан бейхабар болғанын алға тартты. Ал жергілікті басылым қаза болған жас жігіттің жақында ғана әке атанғанын жазуда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий