Моншада жүрген келіншек үйіне түскен ұрыны жалаңаш қуа жөнелді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында үйінен заттарын ұрлап кеткен ұрының соңынан қуған келіншек ұятқа қалды.

Бұл туралы Life.ru ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Петербургтің Пилотов көшесі бойындағы моншада шомылып жүрген 35 жастағы әйел өзінің заттарын ұрлап кеткен сыған келіншекті қуып жетпекші болып, жамылғы жамылған күйінде көшеге атып шығады.

Ол заттарын алып бара жатқан әйелді есіктің аузында байқап қалады да, сүлгісін алдына жаба салып, артынан айқайлап, тұра жүгіреді.

Воронежден келген әйелдің айтуынша, ұры «40-тардағы сыған немесе армян әйелі» болуға тиіс. Оны ұстап алмақ болып, көшеге шығып кеткен әйел қылмыскерді көлігіне дейін қуып барады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий