Фото: tvk-uko.kz
ОҚО Мақтаарал ауданында өзбек гастарбайтерлер тұратын барақ үй түгелімен өртеніп кетті деп хабарлайды Тvk-uko.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Үй аумағына түгелдей сауда нысандары мен дүкендер салынып тасталғандықтан, адамдар бараққа кіріп-шығатын кіре-берістің кеңдігі 55 см ғана. Бұл жағдайды одан бетер ушықтыра түскен. Өрт тұтастай үйдің іші-сыртын жаулаған кезде Илановтар отбасы сыртқа шыға алмай, әбден тығырыққа тірелген. Өзі, алты баласы мен жұбайын құтқарып қалу үшін отағасы Базарбай Иланов көршілерінің темір қақпасынан өтуге тура келген. Баланың өзі әзер сыятын кіре-беріс тұтас отқа оранған.
Фото: tvk-uko.kz
«Біз пәтерді 2006 жылы сатып алғанбыз. Сол кезде барақтың іші-сырты түгел құрылыс болып кетті. Біз әкімдікке, ауданға, облысқа, тіптен Астанаға да хат жаздық. Бұдан еш нәтиже шықпады. Бұл жерге құрылыс салу туралы шешімді осы аумақты түгелдей сатып алған Нұржан Сүлейменов пен ауыл әкімі Ғабит Полатов қабылдаған. Біз осы пәтердің орнына тым болмаса жер телімін беруді сұрағанбыз, себебі бұл жерде өмір сүру қауіпті екенін түсіндік. Біраө өтінішіміз жерде қалды», — дейді наразы болған Базарбай Иланов.
Өртке әзер аман қалғандардың айтуынша, олар бастапқыда біреудің төбеде жүрген дыбыстарын естіген, ал өрт барақпен жапсарласып жатқан дүкеннен шыққан. Бұдан соң бөлмелердің бірінде газ баллоны жарылған. Илановтардың айтуынша, барақтың басқа пәтерлерінде Өзбекстаннан келген гастарбайтерлер тұрған. Өрт бола сала, олар заттарын жинап, қашып кеткен. Илановтардың бүкіл құжаттары, заттары жанып кеткен. Түнгі бірде басталған өртті таңғы алтыға дейін өшіру мүмкін болмаған. Ал жағдаймен танысқан жергілікті билік бұл мәселемен тек сейсенбі күні айналысатынын жеткізген.