Қытайлық әжелер 50 жылдан соң ақ көйлек киіп, қайта тұрмысқа шықты

Тұрмысқа шыққан әже. Фото: ekd.me

Қытайлық зейнеткерлер өздерінің сүйіктілеріне тағы бір рет «иә» деп айтуға мүмкіндік алды деп хабарлайды 24.kz.

99 жұп үйленген күннен тура 50 жыл өткеннен кейін неке қию рәсімін қайталады. Ал кейбір жұптар үшін бұл рәсім өмірлерінде алғаш рет болды.

Өйткені оларда ешқандай салтанатты рәсім болмаған. Бірақ бұл оларға 50 жыл бойы бақытты өмір сүруге кедергі болмаған.

«Бақытты отбасының басты құпиясы қарапайым өмір сүру және ұсақ-түйекке аса мән бермеуде», — дейді жұбайымен 50 жыл отасқан Го Мингли.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий