Әзербайжан Қарабақпен шектес үш ауданын қайтарып алды

Үстіміздегі жылғы сәуір айында Әзірбайжан армиясы Қарабақ аумағымен шектесіп жатқан үш ауданы жерлерінің бір бөлігін қайтарып алды. Бұл туралы Trend ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

«Сәуірдегі шайқастар – біздің тарихымыздың даңқты беттері. Әзербайжан армиясы Агдам, Физули, Джебраил аудандарының бір бөлігін басқыншылардан босатып алып, осы жерлерге Әзербайжан туын қадады», – деді елдің президенті Ильхам Әлиев министрлер кабинетінің 2016 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алда тұрған міндеттерді талқылауға арналған отырысында сөйлеген сөзінде.

«Осы уақытта екі мың гектардан астам жер басқыншылардан азат етілді, бұдан бірнеше есе көп территория біздің бақылауымызға көшті. Біз дұшпанмен түйісер желінің бәрінде толық басымдыққа жетіп отырмыз, енді оның кез келген нысанасын атқылай аламыз», – деді мемлекет басшысы.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий