Шымкентте Mercedes қағып кеткен бойжеткен аман қалды (фото)

Зардап шеккен бойжеткен. Фото: Отырар

Шымкентте Mercedes көлігінің жүргізушісі бойжеткенді жаяу жүргінішлер жолағында қағып кетті. Бұл туралы «Отырарға» сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

12 қазан күні Бәйдібек би даңғылында Mercedes Benz жаяу жүргіншілер жолағынан жолды кесіп өтпек болған бойжеткенді қағып кетті. Жүргізуші ескертпе белгілер мен жолақтарға еш мән бермеген.

Зардап шеккен бойжеткен. Фото: Отырар

Абырой болғанда бойжеткен тірі қалған. Жедел жәрдем қыздың қолы сынғанын анықтап, оған алғашқы көмек көрсетті. Оқиға орнына полицейлер келіп жеткен.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий