Ақмола облысында аудандық полиция бастығының орынбасары өлі күйде табылған

Ақмола облысында Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары өлі күйде табылған.

Облыстық полиция департаментіне сүйенген жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Тұрар Дүйсембиннің денесі 25 маусым таңертең Қылшықты өзені аумағындағы шұңқырдан табылған.

Демалыста болған Дүйсембиннің жоғалғаны туралы ақпарат 23 маусымда түскен. Ол үйінен 20 маусымда кеткен. Іздеу-құтқару операциясы бір тәуліктен астам жалғасқан.

Ресми ақпаратқа қарағанда, марқұмның денесінде күш қолдану белгілері болмаған. Сараптама тағайындалғаны хабарланды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий