АҚШ Қытайдың 40 полиция өкілін диссиденттерді аңдиды деп айыптады

АҚШ-тың әділет департаменті Қытайдың 40 полиция қызметкерін шетелде тұрып жатқан, оның ішінде АҚШ-та тұратын қытайдың саяси белсенділерін қуғындап жатыр деп айыптады.

Мекеме мәліметінше, Қытай билігі ұйымдастырған өзгеше ойлайтындарды қуғындайтын репрессиялық желі жұмыс істейді.

Тергеу мәліметінше, полиция өкілдері әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар арқылы шетелде тұратын қытай диссиденттерін қаралаумен айналысып келген.

Олар сонымен бірге американың медиа саласындағы қызметкерлермен танысып, солар арқылы диссиденттердің медиаплатформаға шығуына кедергі жасауға тырысқан. Бұдан бөлек АҚШ азаматтарын тыңшылыққа тартқан.

Нью-Йорктегі полиция өкілі Бреон Пистің айтуынша, 34 күдікті Қытайдың қауіпсіздік министрлігінің өкілі болып шыққан. Олар негізінен шетелде қашып жүрген қытай оппозициянерлерін аңдумен айналысады.

Дүйсенбі күні АҚШ-та қытай полициясының құпия бөлімшесін құрмақ болған екі адамның ұсталғаны хабарланды.

Осыған дейін құқық қорғау ұйымдары кемінде әлемнің 53 елінде Қытайдың арнайы қызметінің бөлімшесі бар деп мәлімдеген.

Ресми Пекин болса, мұның бәрін теріске шығарып келеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий