Құрама Штаттар Украина үкіметіне бюджет шығынын жабу үшін қосымша 4,5 млрд доллар бөледі. Атап айтқанда, бұл қаражат электр энергиясын, аурухана мен мектептердегі жылуды төлеуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің айлығын өтеуге жұмсалады.
Бұл жөнінде Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі хабарлады.
Қаражат Дүниежүзілік банк арқылы тамыз айынан бастап бөлінеді.
Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, 2023 жылдың соңына қарай 55 процент украин кедейшілікте өмір сүреді. Соғыс алдында бұл көрсеткіш 2,5 процент болған.
Вашингтон осының алдында әскери көмек ретінде Украинаға миллиардтаған қаржы бөлді.
Бұл қаражатқа HIMARS зымыраны мен NASAMS кешені, 75 мың снаряд, 50 брондалған медициналық көлік және тағы басқа әскери құралдар алынған.
Соғыс салдарынан Украинада айына 5 млрд доллар көлемінде бюджет тапшылығы болып жатыр.