АҚШ билігі азаматтарына Беларусь, Молдова және Приднестровьеден кетуге кеңес берді

АҚШ мемлекеттік департаменті америкалық азаматтарға Беларусь, Молдова және Приднестровьеге бармауға кеңес берді. Биліктің мұндай ескерту жасауына Ресейдің Украина аумағына басып кіру қаупі себеп болған.

Ескерту мемлекеттік департаменттің сайтында жарияланды. Онда Беларусьқа бармау туралы кеңеске Ресей әскери күштерін Беларусь пен Украина шекарасына қарай тартып жатқаны түрткі болғаны айтылған. Сол себепті Беларусьта жүрген америкалықтар тез арада коммерциялық немесе жекеменшік көлікпен бұл елден кетуі керек.

31 қаңтарда мемлекеттік департамент Минск қаласындағы америкалық елшілікте істейтін қызметкерлердің отбасыларын алып кетуді тапсырды.

Молдовадағы америкалықтарды бұл елден кетуге шақыруға Ресейдің Украина төңірегіндегі әскери әрекеттері, сонымен бірге өзін тәуелсіз деп жариялаған Приднестровье мен Кишинев үкіметі арасындағы шешілмеген жанжал себеп болды.

Екі аймаққа да қауіптің төртінші деңгейгі берілді.

Бұның алдында әлемнің қырыққа жуық елі азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий