АҚШ бірінші рет криптовалюта айырбастау платформасына санкция салды

АҚШ бірінші рет криптовалюталарды айырбастаумен айналысатын SUEX платформасына санкция салды. Бұл туралы өлкенің қаржы министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, криптобиржа Ресейдегі өкілдіктері арқылы кибершабуылдарға жол беріп, заңсыз төлемдер жүргізуге мүмкіндік беріп келген. Бұл үшін кемінде хакерлер әзірлеген сегіз бағдарламаны пайдаланған.

АҚШ билігі SUEX-тің белгілі транзакцияларының 40% заңсыз істеген ұйымдарға байланысы барын анықтаған.

SUEX платформасы құрылған 2018 жылдан бері криптовалютаны жүз миллиондаған долларға — негізінен биткоин арқылы аударған. 2020 жылы хакерлерге, даркнет операторларына аударған төлемдер 400 миллион доллардан асқан — бұл 2019 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда төрт есеге көп.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий