АҚШ оңтүстік шекараларын заңсыз мигранттардан күзетуді күшейтті

Ішкі қауіпсіздік министрі Алехандро Майоркас Мексика мен АҚШ шекарасында мигранттармен қақтығыс болғанын хабарлады.

COVID-19 індетіне байланысты енгізілген шектеулер мерзімі аяқталар қарсаңында мигранттар АҚШ-тың оңтүстіктегі шекараларына қарай ағылған.

Майоркас АҚШ шекарасынан заңсыз өтуге талпынғандарды қатаң жаза күтіп тұрғанын ескертті. «Шекараларымыз ашық тұрған жоқ», — деп мәлімдеді министр бейсенбі күні Ақ үйдегі журналистерге.

«Америка дауысының» хабарлауынша​, осы аптада Джо Байден әкімшілігі баспана берудің жаңа ережесін енгізді. Енді АҚШ пен Мексика арасындағы шекарадан заңсыз өткен мигранттардың көбіне баспана берілмейді.

Майоркастың айтуынша, оңтүстіктегі шекарадан заңсыз өткен мигранттар 30 күн ішінде қайта депортацияланады.

Осы аптада бір күнде 10 мыңнан аса адам шекарадан заңсыз өткен. Reuters агенттігінің хабарлауынша, кеден және шекара қызметтерінің адамға лық толған нысандарында 28 мыңға дейін мигрант отыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий