АҚШ президенті Джо Байденнен COVID-19 вирусы анықталды

АҚШ президенті Джо Байденнен COVID-19 вирусы анықталды. Осылай деп Ақ үй хабарлады.

Байден сырқаттың жеңіл белгілерімен оқшауланды. Бірақ қызметкерлермен телефон арқылы сөйлесіп, белгіленген кездесулерге онлайн қатысып, жұмысын жалғастырып жатыр.

АҚШ президентінің жоспарланған кездесулері коронавируске тест тапсырып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін өтетіні айтылған.

13-16 шілде аралығында Байден Таяу Шығысқа барған. Ол Израильде, Палестинада және Сауд Арабиясында болып, кездесулерге қатысқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий