АҚШ президенті Джо Байденнің Конгресске алғашқы үндеуі

АҚШ президенті Джо Байден Конгресске үндеуін жариялады. Ол елге ауқымды жоспарын таныстырды. Байденнің пікірінше, бұл жоспар «Америка болашағын нығайтады».

Президент есебін вакцина егу науқанындағы жетістіктерді жариялаудан бастады. Конгресс мақұлдауымен қабылданған экономикалық қолдау бағдарламасы нәтижесінде ел экономикасы тез арада ілгері жылжыды, дейді Байден. Бұл — бастамасы ғана, деп мәлімдеді президент.

Ол Конгресстен «Жұмыс орнын ашу жөніндегі америкалық жоспарды» мақұлдауын сұрады. Бағдарлама бойынша, инфрақұрылымға екі триллионға жуық доллар бөлінеді. Көпірлер мен жолдар салынады, электр желілері тартылады, жүздеген мың май құю бекеттері ашылады, су құбырлары жөнделеді, тағы басқа да жобалар іске асырылады. Президент ең төменгі жалақы шегін сағатына 15 долларға дейін көтеруді, кәсіподақтар құру құқығын кеңейтуді ұсынды.

Президенттің «Америкалық отбасы» бағдарламасына сәйкес, АҚШ-та мектепке дейін тегін білім беру және қоғамдық колледждерде екі жыл тегін оқыту енгізіледі. Балалы отбасылар қосымша салық жеңілдіктеріне ие болады. АҚШ президенті Конгресстен медициналық сақтандыру және дәрі құнын түсіру үшін әрекет етуді ұсынды.

Президент Байден Құрама Штаттарды авторитарлық жүйелерге қарсы қойды. Олар демократия жеңіліп жатыр, өйткені ешкіммен келісе алмай отыр деп есептейді, біз автократтарға демократия тірі екенін, жұмыс істейтінін дәлелдейміз, деп мәлімдеді президент.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий