АҚШ Сенаты президенттің 3,5 триллион долларлық жоспарын бекітті

АҚШ Cенаты кедейлікке қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 3,5 триллион долларлық бюджет жоспарын бекітті. Осылай деп Reuters агенттігі хабарлайды.

Құжатты демократтар қолдады, ал 50 республикашыл депутаттың 49-ы қарсы дауыс берді. Вице-президент Камале Харристің арқасында демократтардың дауысы шешуші болып саналады.

Бұл құжат — Джо Байденнің сайлауалды бағдарламасының ең маңызды тармағы. Ол кедейлікке қарсы күрес мақсатында бюджеттен триллиондаған доллар бөліп, жұмыс орнын құрып, климаттың өзгеруіне қарсы шаралар бастаймын деп уәде еткен.

Қазір демократтар заң жобасын емес, бюджет резолюциясын бекітті.

Бюджет комитетінің басшысы Берни Сандерс бұл бастаманы халықтың америка билігіне деген сенімді қалпына келтіру деп атады. Ал республикашылдар керісінше инфляция өсіп, көлеңкелі экономика саясаты билік құрады деп есептейді.

Ең заң жобасы қабылданса, 3,5 триллион доллар алдағы он жылда жұмсалады. Бұл жоба ірі бизнес өкілдеріне салықты көбейту арқылы қаржылындырылмақ.

Таяуда Сенат көлік және темір жолдар мен станцияларды және әуежайларды модернизациялауға 1 триллион доллар жұмсау жөніндегі пакетті бекіткен.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий