АҚШ-тың Душанбедегі елшісі Тәжікстанның қорғаныс министрлігіне құны 2,3 млн доллар болатын IVECO сегіз жүк көлігі мен оның дөңгелектерін, бөлшектерін берді.
«2021 жылдың қазан айында елшілік Тәжікстанға құны 1,4 млн доллар болатын 20 әскери джип сыйлаған.
АҚШ дипломатиялық миссияның төраға орынбасары Бриджит Уокер Құрама Штаттар алдағы екі жылда 60 млн доллар көмек көрсетуге уәде берді деді. Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері, 1992 жылдан бастап АҚШ Тәжікстанның қауіпсіздік саласына 330 млн долларға көмек көрсеткен.
Ал жалпы Тәжікстан тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде АҚШ барлық сала бойынша 1,8 млрд доллар көлемінде көмек көрсеткен.