АҚШ-та мектепте атыста алты адам, оның ішінде 3 оқушы қаза тапты

27 наурызда АҚШ-тың Теннеси штатында орналасқан Нэшвилл қаласындағы жеке христиан мектебінде оқ атылып, алты адам, оның ішінде үш оқушы қаза болды.

Ақпаратқа қарағанда, оқ атқан адам қолға түсіру кезінде атып өлтірілген. Полиция мектепке шабуыл жасаған Нэшвиллде тұрған 28 жастағы әйел екенін хабарлады.

Нэшвилл мэрі Джон Купер қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден де қайғы жамылғандарға көңіл айтты.

Аталған христиан мектебінде балабақшадан 6 сыныпқа дейін 200-ге тарта оқушы оқиды және 33 мұғалім жұмыс істейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий