АҚШ Украинаға әскери көмек ретінде 325 млн доллар бөлді

Құрама Штаттар Украинаға 325 миллион доллардың жаңа әскери көмек пакетін жариялады. Бұл жөнінде елдің қорғаныс министрлігі хабарлады. Бұл АҚШ-тың Украинаға бөліп отырған 40-көмек пакеті.

Әскери көмектің ішіне NASAMS зымыран кешеніне қосымша оқ-дәрілер, Stinger зенит кешені, HIMARS жүйесіне қосымша оқ-дәрілер, 15 Bradle әскери көлігі, 10 Stryker бронетранспортері, танкілерді жоятын Javelin жүйесі және тағы басқа қару-жарақтар кіреді.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері, АҚШ 40 млрд доллар көлемінде әскери көмек берді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий