АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 325 млн доллар әскери көмектің жаңа пакетін бөлетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл пакеттің ішінде HIMARS жүйесінің оқ-дәрілері, артиллерия снарядтары, танкілерге қарсы миналар, мылтықтарға оқ-дәрілер және тағы басқа әскери құралдар кіреді. Бұдан бөлек ақшаның жартысы украин әскерилерін оқытуға жұмсалады.
2022 жылдың ақпан айында Ресей Украинаға басып кіргелі бері АҚШ 35 млрд доллардан астам көмек берген. Америка билігі мүмкін болғанынша Украинаға көмектесе беретінін мәлімдеп келеді.