АҚШ Украинаға бюджетін қолдау үшін 4,5 млрд доллар бөледі

Вашингтон Украина бюджетін қолдау үшін 4,5 млрд доллар бөледі. Бұл жөнінде АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен мәлімдеді.

Оның сөзінше, қаржы таяу аптада бөліне бастайды. Бұл қаржы украин үкіметінің экономикалық тұрақтылығын қамтмасыз ету және мемлекеттік қызметті қолдау үшін, сонымен бірге Ресейден қорғануға көмектеседі.

«Бұл қаржы Путиннің негізсіз шабуыл жасауына көрсетілген қарсылық ретінде есептеледі», — деді қаржы министрі.

Йеллен басқа донорлорды да Украинаға көмекті көбейтуге және тездетуге шақырды.

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Киевке 20 млрд-тан астам долларға әскери көмек, экономиканы қалпына келтіруге 13 млрд және 10 млрд гуманитарлық жәрдем берді.

Бұдан бөлек Байден Конгресстен Украинаны қосымша қаржыландыруға тағы 37,7 млрд доллар бөлуді өтінген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий