Американский постоянный представитель в ООН Линда Томас-Гринфилд
31 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысы өтеді. Ресей әскерінің Украина шекарасына жақын маңға шоғырлануы талқыланатын жиналысты Құрма Штаттар шақырды.
«Украина шекарасына жақын маңда Ресейдің 100 мыңнан астам жауынгері тұр, Ресей Украинаның тынышын алу мақсатында түрлі әрекеттерге барып, әлем қауіпсіздігіне қауіп төндірді», — делінген АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд.
АҚШ өкілдерінің пікірінше, Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер Ресей Украинаға шабуылдаған жағдайда одан халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қандай нұқсан келуі мүмкін екенін түсінуі керек.
Ресей әзірге АҚШ көтерген бастамаға жауап бермеді. Кремль Қауіпсіздік кеңесінде мұндай тақырыптың көтерілуіне бөгет жасауға талпынуы мүмкін. Алайда, Wall Street Journal газетінің дерегінше, Құрама Штаттар кем дегенде тоғыз елдің қолдауына ие болса керек, әйтпесе жиналыс өтпейді. Бірақ Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде жиналыс шешіміне вето қоя алады.
Ресей бірнеше апта ішінде Украина шекарасына жақын маңға шамамен 100 мың жауынгерін орналастырып, бұны «әдеттегі әскери оқулар» деп сипаттады. Бірақ Украина мен Батыс елдері Ресей көрші елге шабуылдауға дайындалып жатыр деп отыр.